⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Ұжымдық келісіммен қарастырылған шарттарға тәуелді және тәуелді емес моральдық зиянның көлемін анықтау

Ұжымдық келісіммен қарастырылған шарттарға тәуелді және тәуелді емес моральдық зиянның көлемін анықтау

Ұжымдық келісіммен қарастырылған шарттарға тәуелді және тәуелді емес моральдық зиянның көлемін анықтау

Ұжымдық келісіммен қарастырылған шарттарға тәуелді және тәуелді емес моральдық зиянның көлемін анықтау

Талапкер С.З.С-тов өзінің талаптарын «Корпорации «Казахмыс» кәсіпорындарында 1998 жылдан бастап жер асты тау шебері болып жұмыс істегендігімен негіздемелеп, «Корпорации «Казахмыс» ЖШС-не моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы № 2 аудандық сотына жүгінді. 2014 жылдың 09 мамырында еңбек гигиенасының Ұлттық орталығымен алғашқы рет С.З.С-вқа кәсіби ауру белгіленді: «1 кезеңдегі силикоз, созылмалы абструктивті бронхит, ремиссия кезеңі. Өкпе эмфиземасы, екінші кезеңдегі демалу жетіспеушілігі. Компенсацияланған, созылмалы өкпелік жүрек. Ауру кәсіби, бастапқы». 2014 жылдың 10 ақпанында жұмыс берушімен өндірісте жазатайым оқиға болғандығы туралы Кесім құралды және 2014 жылдың 27 тамызында медициналық куәландыру барысында 59 пайыз кәсіби еңбекке жарамдылықты жоғалтумен С.З.С-овқа үшінші мүгедектік тобы белгіленді.

 Талапкер денсаулыққа зақымның келтірумен байланысты моральдық зиянды, оны 3 000 000 теңгеге бағалап, өндіріп беруді талап етті. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы № 2 аудандық сотының 2015 жылғы 18 наурыздағы шешімімен «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нен Сейфул-Малик Зейдинович С-втың пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 100 000 теңге өндіріп алу қаулы етілді.

Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының 2015 жылға 08 маусымдағы қаулысымен қаулы етелді: Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы № 2 аудандық сотының 2015 жылғы 18 наурыздағы аталған іс бойынша шешімін өзгертілсін. «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нен Сейфул-Малик Зейдинович С-втың пайдасына өндіріліп алынған моральдық зиянның соммасын 100 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін ұлғайтуды.

Өзінің кассациялық шағымында жауапкер Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгертіп, бірінші инстанция сотының С.С-вқа қатысты шешімін күшінде қалдыруды сұрады.

Апелляциялық сот алқасының С.С-вқа белгіленген 300 000 теңге көлеміндегі моральдық зиян өтемінің көлемі ештеңемен негізделмеген. 2014- 2016 жылдарға бекітілген Ұжымдық келісімнің шартымен 1997 жылдан бастап жұмыс істейтін және үздіксіз жұмыс өтілі 10 жыл және одан да астам үшінші топтағы мүгедектерге 100 000 теңгеге дейіңгі көлемде белгіленген. Бұл шарттар дауланбаған және жарамсыз деп танылмаған, сондықтан қолданылуға жатады.

Қарағанды облыстық сотының кассациялық сот алқасы С.С-вқа моральдық зиянды өтеудің 300 000 теңгеге дейін ұлғайту туралы апелляциялық инстанцияның қорытындысымен келісіп, жұмыс беруші моральдық зиянның өтемінің көлемін белгілеген кезде, ұжымдық келісімнің шарттарын қолдану туралы мәселе қойған, бұл шарттар жақтармен дауланбаған, яғни заң күшіне ие деп көрсеткен. Алайда ұжымдық келісімнің аталған қағидалары нақты осы жағдайда қолданылуға жатпайды.

 Ұжымдық келісім шартпен қосымша ерікті біржолғы төлем сипаттағы яғни, әлеуметтік, материалдық қолдау, оның ішінде мүгедектікке әкелген кәсіби ауру және өндірісте жазатайым оқиға нәтижесінде еңбекке жарамдылық қабілетінен айрылған жағдайда жұмыскерлерге моральдық зиянның өтемін төлеу қарастырылған. Мұндай төлем құқығына моральдық зиян өтемін төлеу белгілі бір шарттар болған жағдайда іске асады («Корпорация Казахмыс» ЖШС-де 1997 жылдан бастап жұмыс істейтін және үздіксіз жұмыс өтілі 10 жыл және одан да астам; келісім шартқа қол қойған күнінде мүгедекдік тобын анықтау; жазатайым жағдайында жұмыскердің кінәсі жоқ болғанда). Денсаулықтың зақымдалуына әкеліп соқтырған моральдық зиян өтемін төлеу құқығына ҚР Азаматтық кодексінің 951- бабының ережесінде қарастырылған, моральдық зиян өтемін төлем көлемі ҚР Азаматтық кодексінің 952-бабының ережесі бойынша анықталады және ұжымдық келісім шартта көзделген шарттар мен жағдайлардың тәуелділігіне қойылмайды.

Талапкер М.С.Ж-ев өзінің талаптарын жауапкер «Корпорация Казахмыс» ЖШС-не 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотына жүгінді. Талап арыздың талабы талапкер жауапкерде 2001 жылдың 23 тамызынан бастап жумыс істей бастағандығы және осы күнде де қосымша (подсобты) жұмыскер болып еңбек етіп жүргендігімен уәжделенген. 2014 жылдың 03 қазан айында кәсіби ауру туралы бекітілген № 75 кесіммен М.С.Ж-тың окиға жағдайында кәсіби ауруға әкелген жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесі 100% анықталды. Нәтижесінде талапкерге кәсіби еңбекке жарамдылығынан 29% айырылғаны белгіленді.

2015 жылдың 15 қыркүйек айында Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотының шешімімен М-т Сертаевич Ж-тың «Корпорация Казахмыс» ЖШС-не өндірісте алған өндірістегі кәсіби ауруымен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылуы қаулы етілді. «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нен М-т Сертаевич Ж-тың пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 100 000 теңге және 991 теңге мемлекеттік баж салығын қайтару, барлығы 100 991 теңге өндіріп алу.

Талап арыздың қалған бөліктерін қанағаттандырудан бас тартылды. Талапкер бұл шешіммен келіспей, соттың өндіріп алу сомасын 900 000 теңгеге дейін ұлғайтып, бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгертуін сұрады, себебі бірінші инстанциядағы сот елеулі нақты жадайларды, жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесі, талапкердің отбасы тағдыры жайлы әрдайым алаңдаушылығы, себебі оның асырауында кәмелет жасқа толмаған 2000 жылы туған баласы бар екендігін назарына алмады.

Апелляциялық инстанцияның соты моральдық зиян өтеу төлемінің сомасы ұлғайтуға жатпайды және істі қарастырғанда сот барлық жағдайды анықтады, әр тараптың ұсынған дәлелдерін зерттеді және оларға сәйкес құқықтық баға берді деп шешті.

Сот талапкер М.С.Ж-ев «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нің кәсіпорындарында 2001 жылдан бастап еңбек етіп келе жатқанын анықтады. Іс материалдардарындағы медициналық құжаттарға сәйкес, нақты айтқанда 2014 жылдың 03 қазан айында кәсіби ауру туралы бекітілген № 75 кесімімен М.С.Ж-ың окиға жағдайында кәсіби ауруға әкелген жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесі 100% анықталды. Нәтижесінде талапкерге мугедектігі анықталмай кәсіби еңбекке жарамдылығынан 29% айырылғандығы белгіленді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1999 жылдың 09 шілдедегі № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес зиянды өтеумен қатар қатерлі қауіп көзімен денсаулыққа келтірілген моральдық зиян да өтелуге жатады.

Талапкердің ауруы «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нің өндірісінде жұмыс істеген уақытта кәсіби еңбекке жарамдылығынан 29% айырылғандығын бірінші инстанциядағы сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 951-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкерден моральдық зиянды өтеу туралы шешімге негізді келді. Әділеттілік және жеткіліктілік қағидаларын басшылыққа ала отырып талапкердің субъективті бағасы ретінде санап (денсаулыққа зақым келтіргендіктен имандылық қиналу), сондай-ақ объективті деректер (жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктердің өмірлік маңыздылығы) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 952-бабына сәйкес апелляциялық сот алқасы моральдық зиянды өтеу есебіне ақшалай өтемді 1 000 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін төмендету туралы соттың қорытындысын негізді деп санады.

Алқа талапкер ай сайын жоғалтқан табысы үшін соммалар алатынын, сонымен қатар емделуге, жүрісіне, өмір-сүріп тұруына және санаторлыкурорттық емделуге кеткен қосымша шығындарды жұмыс беруші өтейтінін көрсеткен. Апелляциялық шағымда жауапкермен көрсетілген дәлелдер бірінші инстанция соттының талқылау пәні болып, сотпен істің мән-жайына дұрыс баға берілген. Көрсетілген дәлелдер соттың қабылдаған шешімінің дұрыстығына әсер етпейді және оның өзгертілуіне немесе күшін жоюға негіз бола алмайды. Жауапкер апелляциялық шағымында жаңа дәлелдер келтірмеген.

Бұндай жағдайда шешімге өзгертулер еңгізу және күшін жою үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 364-367 баптарындағы негіздердің болмауына байланысты, апелляциялық сот инстанциясы бірінші сот инстанциясының шешімі өзгеріссіз қалдырылуға, ал шағым қанағаттандырылусыз қалдырылуға жатады деген қорытындыға келеді.

Осылайша бір пікір бойынша моральдық зиянның өтелу көлемі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 952-бабының ережелері бойынша анықталады және ұжымдық шартпен қарастырылған шарттар мен жағдайларға тәуелді етеліп қоя алынбайды, бірақ басқа пікір бойынша моральдық зиянның өтелу көлемі ұжымдық келісіммен қарастырылған жоғалтқан табыстың соммасы есебінен және де емделуге, жүрісіне, өмірсұріп тұруына және санаторлы-курорттық емделуге кеткен қосымша шығындарға тәуелді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.